«Бейбіт жиналыстың заңдылық қағидасы бар!!!»

 Қазақстанда бейбіт жиналыс өткізу тәртібі, бейбіт жиналыстардың айырмашылығы ұйымдастырушының құқықтары, бейбіт жиналыстарды кім ұйымдастырады, бейбіт жиналыстың өтуіне дейін неше күн бұрын хабарланады, заңсыз митингіге шыққан адамның жауапкершілігі және митинг жүргізу кезінде ұстап әкеткенде не істеуі керектігі туралы тұрғындарға келесідей ұғындырамыз.

Соңғы жылдары қоғамда әртүрлі өзекті тақырыптар жиі қозғалып, митинг, пикеттер ұйымдастырғандар кездесті. Нәтижесінде заңды білмегендіктің салдары орын алып, рұқсат беруден бас тарту мен жауапкершілікке тартуға әкеп соқты.

Заң білмегенді, ешкім жауапкершіліктен босатпайтынын ескерген жөн.

Бұл ретте «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 25.05.2020 жылғы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бейбіт жиналыстардың негізгі 7 ережеталаптарын білген маңызды.

1. Демонстрация, митинг, пикеттеу мен шерудің айырмашылығы неде?

Заңда әрқайсысына түсінік берілген.

Мысалы, демонстрация - қоғамдық маңызы бар мәселелер мен адамдардың және органдардың, ұйымдардың әрекеттері мен әрекетсіздігі бойынша пікірін жария білдіру мақсатында ұйымдастырылады. Қатысушылар белгілі бір уақытта белгілі бір маршрут бойынша қозғалады, онда көлік құралдарын, дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын пайдалануға болады, ал митинг өткізгенде халық бір орынға ғана шоғырланады.

Пикеттеу - бір адамның белгілі бір жерге, белгілі бір уақытта келіп, қозғалыссыз және дыбыс күшейткіш техникалық құралдарсыз плакатпен шығуға рұқсат етіледі.

Шеруде адамдар көлік құралдарын пайдаланбай, белгілі бір уақытта, белгіленген маршрут бойынша жүріп өтеді, мұнда да көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланылады. Заңда бейбіт акцияны ұйымдастырушы, қатысушының құқықтары мен міндеттері белгіленеді.

2. Қазақстанда қазір бейбіт митинг өткізу тәртібі қандай?

Жергілікті атқарушы органға (әкімшілікке) бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарлама немесе келісім алу туралы өтініш жазу керек. Үгіттеу жұмыстары Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсілдермен жүргізіледі. Ұйымдастырушы мемлекеттік кауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бейбіт жиналыстарға қатысушылармен түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Бейбіт жиналыстар өткізу кезінде қоғамдық тәртіп қатаң түрде сақталуы тиіс.

Рұқсат етілмеу туралы хабарланғаннан бастап, митинг заңсыз болып, әкімшілік жауапкершілік көзделгендігін ескеріп, оны өткізуден бас тарту керек. Бұл талаптар барлығымызға бірдей.

Бейбіт акцияны жергілікті өкілді билік органы (мәслихат) белгілеген арнайы орында ұйымдастырылады. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады. Пикетті қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда өткізілмейді.

Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілі болмаған жағдайда бейбіт жиналыстар өткізуге жол берілмейді.

3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының қандай құқықтары бар?

Ұйымдастырушының құқығы заңда бекітілді:

- пікірлерін, талаптарын жария білдіруге, бейбіт жиналыстар өткізу кезінде шешімдер қабылдауға;

- азаматтардың талаптарына, өтініштеріне қол жинауды ұйымдастыруға;

- бейбіт жиналыстарды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;

- бейбіт жиналыстар өткізуден бас тартуға;

- аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға болады, яғни бейбіт жиналыс белгіленген тәртіпте өткізу ұйымдастырушыға жүктелуі тиіс.

4. Бейбіт жиналыстарды кім ұйымдастыра алмайды?

Сотпен әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп таныған немесе сот үкімімен жазасын өтеу кезеңінде түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу, қамаққа алу, бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған азамат, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны, мемлекетке опасыздық жасағаны, тыңшылық, экстремистік және террористік қылмыстар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар, тіркеуден өтпеген заңды тұлға, заңда белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе тыйым салынған ұйым бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы бола алмайды.

5. Бейбіт жиын өткізу үшін неше күн бұрын хабарлау қажет?

Пикеттеу, жиналыс, митинг өткізу туралы хабарламаны ұйымдастырушы бес жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз түрінде немесе электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрон құжат ретінде береді.

Жергілікті атқарушы орган хабарлама тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бейбіт жиналыс ұйымдастырушысына жауап беруі тиіс, жауап болмаса, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізе береді.

6. Қандай жағдайда митингке шыққан адам әкімшілік жазаға тартылады?

Заңда көзделген талаптар орындалмаса, бейбіт жиынды рұқсатсыз ұйымдастырған және өткізген жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабымен әкімшілік жаза және Қылмыстық кодекстің 400-бабымен қылмыстық жаза көзделген.

7. Митингті өткізу кезінде заңсыз ұсталған жағдайда не істеу керек?

Қарсылық көрсетпей құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындап кезекші прокурорды шақыруға құқылы.

Атырау облысының прокуратурасы

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика