Базардағы шарықтаған азық-түлік өсімі бақылануда

Елді елең еткізген індет халықты қарбаласқа түсіргені рас. Өйткені, Елбасы азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз көтерілуіне жол берілмейтіндігін өз үндеуінде жария еткенімен, базарда бағаның тұрақталар түрі жоқ. Кешелі бері әлеуметтік желілерде сауда нүктелерінде астықтың жоқтығы мен бағаның күрт жоғарылауы халық наразылығын туғызып отыр.

Оны басшылық тарап та назарға алып, әкім тапсырмасымен аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және кәсіпкерлік палата өкілдері кешелі-бері бағаны мониторингтеу үшін базарлар мен шағын кәсіпкерлік нысандарды аралауда.

- Ия, баға көтеріліп тұр. Біз салыстырмалы түрде бақылап жүрміз. Соның ішінде күнделікті қолданылатын астық, шекер, шемекі май, тауық, картоп, жуа секілді тағамдарда өзгеріс бар. Оны жергілікті кәсіпкерлер тауар алып жүрген Орал, Атырау қалаларындағы сауда нүктелері бағаны күрт өсіріп жіберуімен байланыстырып отыр. Бірақ ол қайткенмен де қадағаланып, шешілетін болады, - дейді кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Дулатбай Сариев.

Айталық, бұрын 1400 ден алынған шемекі майдың 5 литрі қазіргі 1900-2000, секер 950- ден 1100-1250, тауық еті 1 кг - 750-ден 900-950-ге, картоп пен жуа 100-ден 150-ге, ал ұн бағасы 25 кг 4300 теңгеден 5000-5500 ге өсіп отыр.

Бір қуантарлығы, Қалқаман, Лидер секілді көтерме сауда орындарында баға бірқалыпты ұсталуда.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы С.Есетов осы аптаға азық-түлік қоры жеткілікті екендігін, алаңдаудың қажеттігі жоқтығын жеткізді. Сондай-ақ, "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамынымен І сұрыпты астық қорының келісін жеткізуімен 140 теңгеден алуға келісім жасалып жатқандығын қаперге берді.

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика