Басты байлық – халық саулығы


Мен Қазақстан Республикасының саналы азаматы ретінде елдің ертеңіне үлкен әсер ететін саяси науқан - Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауына өз үлесімді қостым. Азаматтық позициямды көрсете отырып, жеке таңдауымды жасадым. Ертесіне жұмысқа келгенде ұжымымдағылар да біркісідей қатысқандарын айтып жатты.
Көптің тілегі қабыл болды ма, әйтеуір, басым дауыспен қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңіске жеткені қуантты. Себебі, қазақ «өткелде ат ауыстырмайды» деп бекер айтпаған ғо. Қазіргідей әлем елаң-алаң күй кешіп, шытынап тұрған заманда білікті, дипломант, білімді азаматтың ел тізгінін ұстағаны керек. Бұл – бір. Екіншіден, Президент жаңа жолдауында, сайлауалды бағдарламасында айтқан ел үшін игі жұмыстардың атқарылатыны даусыз. Әсіресе, басты байлығын халық деп білетін мемлекетімізде медицинаға қолжетімділік, ана-мен бала саулығы, азаматтарымыздың бай-қуатты да ұзақ өмір сүруі, бәрі-бәрі ол құжаттарда көрініс тапқан. Ал ол үшін әуелі мықты денсаулықтың керегі түсінікті.
Демек, өз салама бағыттап айтар болсам, алдағы уақытта денсаулық сақтау саласына да артылар жүк ауыр. Ауданымызда әлі күнге дейін кадр мәселесі алдыңғы орында екені баршамызға белгілі. Әсіресе, салалық маман дәрігерлерінің жеткіліксіздігі қынжылтады. Мемлекет тарапынан медицина мамандарына қолдау жасалса, денсаулық сақтау саласындағы қағазбастылық азайтылса деген үміттемін және өзім де осы жолда еңбек етуге дайынмын. Медицина есеп үшін емес, ел үшін қызмет қылса ғана дені сау ұлт қалыптастыра аламыз.
Ал, ел Президенті мемлекет тұғырын биіктетуге, ұлан-байтақ жерімізді қорғап, ұлт мүддесі үшін жұмыс жасай беретініне сенімдімін.

 


Ақмарал Қосымбаева,
ауданның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT