БАС ЖҮЛДЕ БӨДЕНЕЛІКТЕРГЕ БҰЙЫРДЫ

Жақында Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында Алматы қаласында «Amanat Music» ІІ халықаралық конкурс-фестивалінің республикалық 2-кезеңі өткен болатын.

Талантты жастарды тоғыстырған бұл өнер бәсекесінде еліміздің әр облысынан 600-ге жуық өнерпаз қатысты. Солардың ішінде бөденелік «Әсем әуен» дәстүрлі термешілер ансамблі жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып «Бас жүлдені» қанжығаға байлады. Әрине, бұл ансамбльдің республикалық байқаудағы алтыншы байрағы екен. Сондай-ақ байқауда дәстүрлі ән номинациясы бойынша орта топта Бекнұр Бейімбет II орын, ал үлкен топта өнер көрсеткен Айгерім Бейімбетова I орынды еншіледі. Енді халықаралық байқауға жолдама алған жерлестеріміз дайындықтарын одан әрі шыңдап, ел абыройын асқақтата түсуге жұмыстанбақ.

-Байқау өте жақсы өтті. Шәкірттерім өздерінің бар-ынта жігерімен бас жүлдені қолдан бермеді. Жалпы біздің құрамда өнер көрсеткен 10 ансамбльдің ешбіреуі де осал емес. Бәрі де жеңіс жолында күресті. Қалай дегенменде әділ қазылар құрамының шешімімен бас жүлде бізге бұйырды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы шәкіртім Нұрдаулет Ахмедияр жетекшілік ететін «Аманат» ансамблі де II орынды ұтып алды. Айта кетейік, біз осы жолы жаңа үлгідегі киіммен шықтық. Оған демеушілік жасаған аудан әкімшілігіне шексіз ризашылығымызды білдерміз,-дейді ансамбль жетекшісі Гүлбаршын Сариева.

Сонымен қатар осы байқауда жеке вокалдан бөденелік Нығметолла Арыстан III жүлделі орынды еншіледі. Әрине, бұдан бұрын да біраз байқаудың жүлдесін бермеген ансамбльдегі үкілеген үмітті ақтаған шәкірттер ізденімпаз ұстаздың мерейі екені сөзсіз.

Диас АЙБАР.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз