Бас прокуратура өкілдері қылмыстық саясатты ізгілендіру туралы заң қағидаларын түсіндірді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы ізгілендіруге бағытталған заңның негізгі қағидалары туралы айтты.

Заң а.ж. 31 шілдеде заңды күшіне енеді. Аталған ЗаңдыМемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты қаңтардағы Жолдауында көрсетілген тапсырмасын орындау аясында Бас прокуратура әзірлегенін атап өткен жөн.

Іс-шара барасында елімізде кезекпен өткізіліп жатқан сот-құқықтық реформалар мемлекеттің қылмыстық-құқықтық саясатын жазалаушыдан құқық қорғаушы қызметке қарай ауыстыруға бағытталғандығы айтылды.Жалпы түзетулер Қылмыстық кодекстің 262 бабына, Қылмыстық-процестік кодекстің 45 және Қылмыстық-атқару кодексінің 9 бабына енгізілді.

Сонымен қатар ауырлығы орташа және онша ауыр емес, кісі өліміне соқтырмаған 247 қылмыс бойынша  баламалы жаза түрінде қоғамдық жұмыс алғаш рет енгізілуде.

Бұл өз кезегінде сотталғандардың еңбегін қоғам игілігіне пайдалануға мүмкіндік береді.

Айыппұлдың ең төменгі көлемі 500-ден 200 АЕК (1,2 млн. теңгеден 481 мыңға дейін) және оны төлеудің минималды мерзімі 6 айдан 3 жылға дейін ұлғаюда. Бұл мыңдаған азаматтарға айыппұл көлемін және өтеу мерзімін ұзарту бойынша сотқа жүгінуге құқық береді.

Меншікке қарсы, экономикалық және кейбір қылмыстар бойынша айтарлықтай, ірі және аса ірі залал мөлшері 2 есеге дейін жоғарылатылды.

Аталған түзетулерге сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу мен алаяқтық үшін бас бостандығынан айырылған жалпы 2,5 мың тұлға енгізіледі. Олардың жазаны өтеу мерзімін қысқартады.

Қылмыс құрамы ауыр 12 қылмыс бойынша баламалы жаза ретінде соттар бас бостандығынан шектеуді тағайындауы мүмкін. Оларға әскери, экономикалық, лауазымдық және меншікке қатысты қылмыстар жатады.

32 қылмыс бойынша, оның ішінде 13 экономикалық қылмыстар бойынша бас бостандығынан шектеу мерзімінің жоғарғы шегі 2-3 жылға төмендетіледі.Қысқа айыппұлдардың қолдану аясы кеңейеді.

Енді алаяқтық және сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу бойынша айыппұл мөлшері келтірілген залал кұнының 10-нан 20-ға дейін еселенеді.

Қоғамға қауіпті емес сотталғандардың санатына және алғаш рет 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылғандарға бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны өтеу шарттары жеңілдетіледі.

Олар қауіпсіздігі төменгі мекемелерге жіберілетін болады.Барлығы түзетулер аясында қауіпсіздігі төменгі мекемелерге қатаңырақ режимдегі 400 сотталған тұлғалар ауыстырылады.

Ізгілендіру 5 мыңға тарта адамдарға ықпал етеді деп болжануда.«Бірақ бұл дегеніміз олардың барлығы бір мезетте босатылады деген сөз емес», - деді спикер.

Бұл үрдіс кезең-кезеңімен жүргізіледі. Сотталғандардың бөлігі, жазаның едәуір бөлігін өтеген, сондай-ақ залалдың орнын толтырған және жүріс-тұрысы оң тұлғаларды сот сол мезетте босатады.

Басқа сотталғандарға жаза мерзімін төмендетеді, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату мен жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыруға жақындатады.

Баспасөз конференциясында ауыр қылмыстар – кісі өлтіру, зорлау, азаптау, экстремизм мен терроризм және қылмыстың ұйымдастырылған түрлерін жасағандарға ізгілендіру қолданылмайтындығы айтылды.

Бұдан бөлек Заң мерзімінен бұрын босаған тұлғаларға жауаптылық жоғарылайды, рецидивті құқықбұзушылықтар мен масаң күйде құқық бұзғандарға қосымша түрлер мен әдістер енгізіледі.

Жалпы алғанда еліміздегі реформалар жүргізілген жылдары қылмыстылық 7-10% төмендеді. 2012 жылдан бастап түрмедегілердің саны 19 мыңға төмендеді (52 мыңнан 33 мыңға).

Бірақ бұл криминогенді жағдайға кері әсерін тигізбеді.  2012 жылмен салыстырғанда 2017 жылы  ауыр және аса ауыр қылмыс саны 22%, зорлау 43% (2,3 мыңнан 1,3 мыңға) және қарақшылық 59% (1700 мыңнан 700-ге) азайды. 

Сотталғандарды әлеуметтендіру шаралары қабылдануда. Баяндама соңында Заңның қабылдануы құқық қорғау қызметін ізгілендіру заң үстемдігі қағидаларын нығайтуға бағытталғандығы атап өтілді.

Осыған байланысты Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров барлық құқық қорғау органдарына Заң қағидаларын мүлтіксіз әрі нақты орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

  2018 жылғы 27 шілде, Астана қаласы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521