Барлығы да шын ниетті тілекте

Барлық саналы ғұмырымды ұрпақ тәрбиесіне арнаған мен зейнеткерлікке шыққаннан бері бес уақыт намазымды оқып, Алладан еліме, жеріме, халқыма, аудан-ауылыма амандық, бейбіт өмір тілеген имандылық жолындағы қарапайым жандардың бірімін.

Баршаңызды да қасиетті Құрбан айтпен құттықтап, ізгі жақсылықтар, әсіресе дағдарысты, алды болжаусыз қиындықтар толы кезеңде, қайырымды істердің ортасынан табылып, елдің игілігіне арналған игілікті де жақсылыққа толы істер тындыруға шақырамын. Олардың қатары әрдайым көп бола түссін деген тілектемін. Сонау 2008 жылы қасиетті қажылық сапармен Меккеде болғанымда да осы тілектердің шын көңіліммен Аллаға арнап, елім мен жерімнің амандығына, жақсы істері молая түсуіне сыйынған едім.

Хадистерде «Барлық істің түпкі ниетке байланысты» бағаланатынын жақсы білгендіктен де, бүгінгі жағдайға байланысты ізгі ниетім әрдайым қабыл болса демекпін. Халқымның бойындағы бүгінгі үрей мен қорқыныш бұлты сейіліп, ізгі көңілмен құрбан шалып Аллаға жақындай түскен жұртымның тілегі қабыл болғай деймін. Жасырып не қылайын, соңғы жылдары орынсыз дарақылық, себепсіз асып-тасу көбейіп, кейбіреулердің тіпті көңілі тарылуы сияқты қоғамға, Аллаға жат мінездер орын ала бастағаны белгілі. Бүгінгі қиындықтар сол жағымсыз іс-әрекеттеріміздің салқыны тиіп, сынақ кезеңі де болып отырмасына кім-кепіл.

Сондықтан да, ағайын, тек Құрбан айт кезінде ғана емес, әрдайымда бір-бірімізге жылылық, жақсылық тілеп, жанымыздағыларға нұр сыйлап жүрейік.

Махамбет КӨРГЕНОВ,

Қажы.

Өрлік ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521