Балаңызды қауіптен сақта!

Төтенше жағдай енгізілуінің басты мақсаты - азаматтардың қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету. Осы орайда, аудан көлемінде карантиндік шектеулерге байланысты аудан тұрғындары әлеуметтік оқшаулану жағдайында.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер тарапынан құқықбұзушылықтың, түнгі уақытта олардың ата-аналарынсыз, заңды өкілінсіз жүрулерінің және панасыз, қадағалаусыз қалуының, оларға қарсы жасалатын қылмыстардың, зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен кешкі уақыттарда рейдтік шаралар өткізіліп, тұрғындар арасында профилактикалық әңгімелесу жүргізілуде.

ІІО-ның профилактикалық есебінде тұрған тұлғалар яғни, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, оқыту және бағып-қағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-анасын немесе оларды алмастыратын заңды өкілін аптасына 3 реттен кем емес тексеріліп және олармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп жатыр.

Құрметті Аудан тұрғындары!!! Күннің жылынып, жаз мезгілінің келуіне байланысты, балаларыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, Жайық өзеніне бармауларын, көшедегі бұралқы иттерден сақтануын, көп қабатты үйлердің терезелерінен абай болуларын,бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бүлдіру т.б фактілердің алдын алып, ескертіп түсінік жұмыстарын жүргізу сұралады.

Гауһар ҚАУАШЕВА,

Индер АПБ-нің ЖПҚб-нің ЮПТ-ның

аға инспекторы полиция майоры

Сурет: дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521