БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ «ЖАНҰЯ МЕН БАЛА»  ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА «ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН  КЕЗДЕСУ ӨТТІ. КЕЗДЕСУГЕ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ  МАЙОРЫ АРМАН ҚҰБАШЕВ, АУДАНДЫҚ «ӘЙІП ҚАЖЫ» МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ ЕРАЛЫ ҚАМЗАҒАЛИЕВ,  АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ АНАРГҮЛ ДЮСУБАЛИЕВА, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ  ӘДІСКЕРІ ТҰРСЫНАЙ АРЕНОВА, АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТЕМІРЛАН  БЕРТЛЕУОВ ПЕН МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ, ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Бүгінде балалардың қауіпсіздігі – өзекті мәселенің бірі. Сондықтан аудан көлемінде 9-13 қыркүйек аралығында «Жанұя және бала», «Абайлаңыз, балалар» іс-шарасы өткізілуде. Бұдан өзге, жолдағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында әр мектептің жанында жылдамдықты шектейтін жол белгілері, жаяу жүргіншілер өткелдері мен жа санды кедергілер орнатылған. Десе де, ауданымызда көлік саны да артып, оған қоса электр скутерлері, самокат, мопедтер де көбейіп, басым көпшілігін мек теп оқушылары қолданып жүргені алаңдатып отыр. Қазіргі таңда қабылданған заңға сай, электр скутерлер көлік құралы болып есептеледі. Сондықтан онымен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады және 18 жасқа толмаған, жүргізуші куәлігі жоқ адамдардың самокат пен электро скутер жүргізуіне тыйым салына ды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында синтеталық есірткіні тұтынудың артуы ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін бірнеше рет атап өтті. Көптеген жас, егер олар есірткіні бір рет қолданса, жа ман ештеңе болмайды, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылмаған деп санайды. Бұл – қате пікір. Осы және өзге де мәселелер төңірегінде аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Арман Құбашев атап өтті.

Одан соң аудандық «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы, те олог Ералы Қамзағалиев отбасы құндылықтары, жасөспірімдердің тәртібі туралы айтты.

Кездесуді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Арман Құбашев қорытындылап, сала мамандарының айтқан кеңестерін ескеріп, қауіпсіздікті сақтау шараларын естен шығармау қажеттігін айтты.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521