Бақытгүл Сапанова топ жарып, үздік атанды

Атырау қаласында өткен «Қосымша білім беру ұйымының үздік ұстазы» облыстық байқауында индерлік Бақытгүл Сапанова топ жарып, үздік атанды.

Аталмыш байқаудың мақсаты – қосымша білім беру ұйымындағы оқутәрбие процесін қамтамасыз етуші педагогикалық қызметкерлердің мәртебесін, беделін арттыру, талантты педагогтарды анықтау. Аудандық кезеңнен үздік танылып, облысқа жолдама алған Бақытгүл түрлі кезең бойынша сынға түсіпті. Атап айтсақ, «Педагогикалық кейс» деп аталатын алғашқы бөлімде ұстаздар портфолиосын кеңінен таныстырып, өз жетістіктерімен қатар шәкірттері бағындырған шыңдарды атап өткен.

Ал, «Инновациялық идеялар панорамасы» атты екінші бөлімде оқу процесін ұйымдастырудағы жеке тәжірибелерін ортаға салады. Қорытынды «Art объект» бөлімінде өзінің поэзияға, өнерге деген сүйіспеншілігін көрсете отырып, Вячеслав Урюпиннің «Никто не знает наперед» өлеңін жатқа оқып, өзінің билеп жатқан видеосын фонға сүйемелдеуге қойған екен. Осылайша, қазыларды тәнті етіпті. Төрт тілді еркін меңгерген ол 2017 жылдан бері оқушылар шығармашылық орталығындағы «Ағылшын бұрышы» үйірмесінің жетекшісі болып қызмет атқарады.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521