Азаматтың еңбегі ерен

Мемлекеттік деңгейдегі міндеттерді атқару қашанда үлкен жүректі азаматтықты, іскерлікті, жоғары жауапкершілікті талап ететін күрделі шаруа. Оны Қазақстан Жоғары Кеңесіне депутат болып жүргенімде талай сезіндім де, кейбір күрделі қиындықтарды шешуге үлесімді қосқан сәттерім болғаннан білемін.

Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың барша халқымызды біріктіретін Наурыз мерекесі қарсаңында халқына сөз арнап, сенімдеріне ризашылық білдіруін зор сезіммен қарсы алып отырмын.

Еліміздің дербес дамуы жолын әу баста дұрыс таңдап, елін бүкіл әлемге танытқан азаматтың еңбегіне халқы да риза болатыны анық. Оның үстіне Үндеуінде «Мен дұрыс жолда келе жатқанымызға сенімдімін. Егер біз күшті болсақ, бәрі де бізбен санасады» деген ой тастауы болашақ жастарды да ойлантуы әрі жаңа биіктерге жігерлендіруі деп түсінемін.

Жаңылсын ӨТЕПҚАЛИЕВА,

«Құрмет белгісі» орденді,

еңбек ардагері,

Бөдене ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз