Қазақстан халқының табысы төмендеді - Ұлттық статистика бюросы

"Қазақстандықтардың нақты ақшалай табысы 2 пайызға төмендеді" деп мәлім етті Ұлттық статистика бюросы.
2022 жылғы маусымда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 145 592 (алдын ала деректер) теңге болды. Бұл – 2021 жылғы маусымға қарағанда 12,2 пайызға жоғары. Нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2 пайызға төмендеген.
Ведомство мәліметі: 2022 жылғы шілдеде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 450,1 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санының 4,8 пайызын құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы шілденің соңына 229,1 мың адамға немесе жұмыс күшінің 2,5 пайызына жетті. Ал, 2022 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 312 124 теңге болды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз