Автокөліктің алдыңғы есігінің терезесін сындырып, бөтеннің мүлкін ұрлапты

Аудандық сот бөтеннің мүлкін ұрлап, көлік иесін шығынға қалдырған азамат С.Б.К.-ге қатысты істі қарады.

Сотта белгілі болғанындай ол «Lada 21214» маркалы аула сыртында тұрған автокөліктің алдыңғы есігінің терезесін сындыру арқылы ішіне заңсыз кіріп, заттар салатын орындағы жәбірленушінің әмияны ішінен әр түрлі купюродағы барлығы 140 000 теңге ақшасын жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалап қашып кеткен.

Сотталушы С.Б.К. сотта тағылған айыпты мойындап, ұрлаған ақшаларын жәбірленушіге қайтарып бергенін айтып, өзін бас бостандығынан айырмауды сұраған. «Қайтқан малда қайыр бар» демекші, жәбірленуші Б.Т.Е. ақшасын толық қайтарып алғанын растап, сондықтан оған кешірім беретінін айтты. Дегенмен, ҚК-нің 11-бабының 4-бөлігіне сәйкес ауыр қылмыстар санатына жататын әрекетке барған сотталушы С.Б.К.-ға бұл кешірім көмекке келе алмады. Сөйтіп, ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен кінәлі деп танылған азаматқа 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Оған пробациялық бақылау белгіленіп, жазаны өтеу мерзімі ішінде жыл сайын ол тұрақты жұмыс орны не оқуда жоқ болған жағдайда 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды.

Иә, «тек жүрсең, тоқ жүресің» деген осы. Кент басында орын алған бұл оқиғаға қатысты үкім өзгелерге сабақ болса игі.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521