Ауыз су сапасы нашар


Аудан әкімі Д.Шамұратов Есбол округіне қарасты Ынтымақ ауылы тұрғындарымен де кездесті.
Айталық, ынтымақтықтарды балабақшамен қуанту әзірге мүмкін емес. Себебі, заң талап ететіндей халық саны 1000 адамға жетпейді. Дегенмен, 2-5 жас аралығындағы 45 бала балабақша жасында екенін айта кетейік.
 Ал, ауылға шағын футбол алаңын және балалар ойын алаңын салу бойынша көлемі 45х65 м болатын жер теліміне жалпы құны 27 млн. 474 теңгені құрайтын сметалық құжаты дайын тұрғаны айтылды. Әзірге оны қанағаттандыруға қаражат жоқ.
Жанға батып тұрғаны 20 жылдан бері жөндеу көрмеген медициналық пунктке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жайының шешілмегені болып тұр. 2021 жылы жобалық-сметалық құжаттары жасақталған. Оң қорытындысы алынса 2023 жылы осы мақсатқа қаржы сұралмақ.
Ауылға келген маманды тұрақтандыру үшін қызметтік тұрғын үймен қамту да оңай шаруа емес. Бір анығы, 4 пәтерлік 2 тұрғын үй салу үшін жерінің құжаттары жасақталған. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталады деп күтіліп отыр.
Бұдан бөлек, көше жарығы, жайылымдық жер, зираттарды қоршау бағытындағы жұмыстар жайы түсінідірілді.
 Жиында сөз алған зейнеткер Қағазғали Аманов бұрынғы сүт фермасы болып, халықты азық-түлікпен қамтыған орталық Қайсағалида газ жоқтығын көтерді. Жүргізіледі деген хабар болғанмен, ыждағаттылық жоқтықтан тұрған тәрізді деген ойын жеткізе отырып, осы істі тындырарда ауыз суды қатар жүргізу дұрыс боларын айтты.

whatsapp-image-2022-11-04-at-11_27_01
Ал, зейнеткер Амангелді Төремұратов "Балалар жылында ойнайтын алаңмен бір қуантпағандарыңыз қалай?" деген сауалын қойды. Тұрғын Нұртас Қарақұлов ауызсу сапасын қадағалау керектігін, себебі жағымсыз дәм барын айта келе, қоқыс қалдықтарын шығаратын тым құрығында 1 трактордың жоқтығына қынжылысын білдірді.
- Округтен көмек жоқтың қасы. Байланыс нашар. Барлық көмекті Елтайдан көріп отырғандықтан, ауылды болашақта Елтайға қосса деген ұсынысымыз бар,-деді ол.
Осыған орай аудан әкімі: - Округ әкімі тұрғындармен байланысты жақсартқаны жөн. Ауыз су "Индер Су" мекемесіне берілген соң шешіледі. Ал, өзге ауылға қосу оңай шаруа емес. Ел мен жер – ортақ. Бірігіп мәселені шешуге болады, - деп жауап берді.
Көтерілген ұсыныс-пікірлердің бәріне аудан әкімі жауап беріп, Президент тапсырмасын орындау аясында барлық іс заң шеңберінде ғана атқарылатынын баса айтты. Сондай-ақ, сала басшылары да өздеріне қатысты сауалдарға жан-жақты жауап берді. Жалпы олардың бәрі аудан әкімдігінің қадағалауында болатыны сөзсіз.
Ж.ІСІМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521