Ауылдық жерге ауыз су жетпей тұр

Индер аудан орталығынан 33 км қашықтықта «Индер-Қарабау-Миялы» тас жолының бойында орналасқан Жарсуат ауылына қарасты Кетебай елді мекені ауыз судан қиналып отыр.

Олардың айтуынша, бұл мәселе әлі күнге дейін дұрыс жолға қойылмаған көрінеді. Себебі, тіршілік көзін бірнеше шақырым жерден тасып ішуге мәжбүр тұрғындарға өткен жылы орталықтандырылған ауыз су желісі іске қосылған еді.

Содан бері әрбір үйге су құбыры жүргізіліп, тұрғындар бұл тығырықтан да шыққан болатын. Бірақ, қайдан «Үйімізге ауыз су жүргізілді» деп бөріктерін аспанға көтерген кетебайлықтардың қуаныштары су сепкендей басылып қалды.

Себебі, осы жылдың мамыр айында «Атырау-Жарық» АҚ аудандық филиал мекемесіне құрылыс жұмыстарын жүргізген «Строй проект» ЖШС арасындағы келісімшарт негізінде ақпан айынан бастап тоқ желісінің ақшасы төленбеген. Содан олардың берешегі 87000 мыңды құрап отыр.

Ал «Атырау-Жарық» АҚ мекемесінің басшысы Қуанышбек Джумиевтің айтуынша, электр желісінің пайдалану ережесіне сәйкес тоқ көзін желіден ажыратып тастаған. Егерде мекеме берешектерін төлейтін болса, тоқ кері жүргізіледі екен. Айталық, бұл құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қазынадан 39 143 764 теңге бөлініпті. Келісімшартта көрсетілгендей 2019 жылдың желтоқсан айында мекеме толықтай құрылыс жұмыстарын аяқтап, аудандық құрылыс бөлімінің теңгеріміне берген.

Ал бірақ бұл су желісі Жарсуат ауылдық округінің теңгеріміне өту керек болатын. Себебі елдегі карантиндік ережелерге сай ХҚКО жұмысының тоқтауына байланысты Жарсуат ауылдық округінің теңгеріміне беру мүмкін болмай отыр көрінеді.

Бұл жөнінде аудандық құрылысы бөлімінің маманы Бибігүл Маженова құжаттар Жарсуат ауылдық округіне өтіп, берешек толық өтелгеннен соң ауыз су қайтада іске қосылатын айтады. Тек құжаттар Әділет басқармасы тіркегеннен соң ғана округ теңгеріміне беріледі.

Міне, жан да малда жер асты құдықтан қайтадан суды тасып ішуге мәжбүр. Тек олар құрылыс бөлімінің құжаттарды реттегеннен басқа амалы жоқ.

Диас АЙБАР

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521