Ауыл техникасы жаңарды

  Жылда Президент Жолдауын асыға күтеміз. Өйткені бұл басты бағдарламада еліміздің ертеңгі атқарар ісі айқындалып, нақты тапсырма беріледі. Міне, бүгінгі Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығына айрықша тоқталды.

  Агросекторды дамыту керек екендігін, әсіресе ауыл шаруашылығы техникаларының 80 пайызы тозғандығын, сондықтан жыл сайын жаңартып тұруды қолға алуды айтты. Бұл біз сияқты байырғы механизаторлар үшін жағымды жаңалық. Шынында да ауылда өкпесін сүйретіп, кеңес өкіметінен қалған техникалар әлі жүр. Онымен шаруа бітпейді. Іс алға бастайды. Айналып келгенде  шаруагер тығырыққа тіреліп, тауы шағылады. Сондықтан да Президенттің ауылдағы техникаларды біртіндеп жаңарту міндетін қоюын қолдаймыз. Осы қолдау аясында әр азамат ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосып, еңбектену қажет деп ойлаймын.

Сүйінғали Сыдиқов,

байырғы механизатор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521