Ауыл шаруашылық аймағы ашылуда

Президенттің халықты керекті әрі сапалы азық-түлік түрлерімен кідіріссіз қамту, бағасының қолжетімді болуы талабын Есбол округіндегі ауыл шаруашылығы аймағында ашылып жатқан «Ағатай» ШҚ басшысы Асқар Сатыбалдиевпен де кездескенде негізгі сөз өзегіне айналды.

Ынтымақ ауылының іргесінен 20 га жер алып, пәтер салып, теплица тұрғызып, жеміс ағаштарын егіп, тұтас бір ауыл шаруашылықты аймаққа айналдыруды көздеген қожалық иесі өзінің бұл бизнес-жобасын облыс әкімі алдында қорғады.

auyl-sh

Кемінде 20-30 ауылдықты жұмысқа тартуды көздеп отырған шаруагердің бұл жұмысын жалғастыруына, бірақ инфрақұрылым тарту жайы өте күрделі мәселе болып шықты. Өйткені, бүгінгі заңдылықтарға сәйкес мемлекеттің кемінде 250 млн. теңгедей көлемдегі қомақты қолдауына ие болып, оның кемінде 60 млн. қаржысын осы инфрақұрылым тарту үшін, ол ең алдымен әлеуетті қожалық болуы тиіс екен.

Сондықтан да бүгінде «Еңбек» бағдарламасына сай жұмысын бастап жатқан бұл шаруашылықтың ұсынып отырған жобасымен алдымен облыстағы тиісті мамандар тереңдей танысып, қорғауы қажет деген тапсырма тиісті басшыларға сол арада берілді.

С.ХАЛЫҚОВ

 Ынтымақ ауылы

Облыс әкімінің Индер ауданы сапарынан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT