Ауыл шаруашылығы бөлімінде – жаңа басшы

Индер ауданы әкімінің өкімімен Салахадинов Тоғайбай Қайырғалиұлы Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Салахадинов Тоғайбай Қайырғалиұлы - 1994 жылы 22 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Сарытоғай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

Білімі - жоғары, 2016 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетін «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2018 жылы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман қызметінен бастады.

2021 жылдың мамыр айынан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарып келді.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521