Ауру жұқтырған төртеудің бірі - Жылыойдан

Бүгін түнде Қазақстан бойынша тағы 7 адамнан қауіпті індет анықталды. Ауру жұқтырғандардың төртеуі Атырау облысында тіркелді. Оның ішінде Атырау қаласында – 3, Жылыой ауданында – 1 адам есепке алынды.

Қазіргі таңда науқастардың барлығының бұған дейін вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болғаны анықталып отыр. “Аталған азаматтардың барлығынан зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр” делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, 8 сәуір елорда уақытымен 8.45 сағаттағы дерек бойынша, Қазақстанда барлығы 704 адам коронавирус дертінен емделіп жатыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

art.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз