Құрметті Индер ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Индер аудандық ішкі істер орган қызметкерлерімен 17,18 мамыр күндері «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізіледі. Екі күн бойы шара аудандық әкімшілік ғимарат алаңында сағат 09:00-13:00, 14:00- 19:00-ге дейін жүргізіледі.
Аудан тұрғындары жол-қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, жеке куәлік алу, төл-құжатты алу, автокөліктерге қосымша бөлшектер орнату және әкімшілік айыппұлдарды төлеу жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстары бойынша құқықтық кеңес ала алады.
Индер аудандық ішкі істер бөлімі.