Ауданда төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кешенді оқу-жаттығу өтуде

ИНДЕР АУДАНЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТУДЕ

Индер ауданында кешенді оқу-жаттығудың бірінші күні аяқталды. Кешенді оқу-жаттығудың ресми ашылу жиынына аудан әкімі Шамұратов Дарын Дүйсембайұлы мен Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Утенов Ардақ Қиылбайұлы қатысты.

Жиында азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтары мен ауылдық округ әкімдерінің төтенше жағдайларды жоюға күштері мен құралдардың дайындығының жай-күйі туралы тыңдалды.

Жиыннан кейін «Атырау облысы Индер ауданында кешенді оқу-жаттығу өткізудің күнтізбелік жоспары» бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары, Индербор кенті мен ауылдық округ әкімдеріне және аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне теориялық сабақ өткізіліп, азаматтық қорғау саласындағы заң бойынша кіріс сынағынан тест тапсырылды.

Күннің екінші жартысы практикалық оқу-жаттығу жұмыстарына жалғасты. Бұл шараға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Әнуарбеков Дарын Еркінұлы қатынасты.

«Жарылыс-333» дабылы түскен кезде шұғыл жұмыстар қолға алынып, аудандық орталық ауруханада ем алып жатқан 39 науқастар мен қызметкерлер қауіпсіз аймақ-аудандық күндізгі ауруханаға көшірілді.

Бұл шараға 3 техника, 32 қызметкер, 1 медициналық топ жұмылдырылды. Қауіпсіз аймақта 2 науқас қалі қатаң жағдайда, 3 науқас орташа жағдайда, 33 науқас қалыпты жағдайда. Олардың ем алу жұмыстары қалыпты түрде жалғасты.

Жол көлік оқиғасы нәтижесінде хлор тасымалдаған көлік аударылып, «Апат-555» дабылы түскеннен кейін, облыстық маңызы бар тас жолдар жабылып, улы заттан сынама алынып зертханалық орынға жедел түрде жеткізілді.

Апат болған жерге 7 техника, 21 қызметкер жұмылдырылды. Зардап шеккен 1 көлік жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521