Ауданда спорт алаңы ашылады

Кенттегі Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп ауласының 0,6526 га. алаңында мектеп оқушылары үшін шағын футбол, волейбол, баскетболмен айналысуға спорт алаңы салынуда.

Сондай-ақ бұл жерден «Street Workout» және алғашқы әскери дайындық алаңдары да бой көтереді. Қазіргі күні абаттандыру жұмыстары оның ішінде тас жол төсеу (брусчатка) жасақталып, жарық шамдары, бейнебақылауды қондыру жұмыстары жүргізілуде.

gazon

Міне, құрылыс жұмыстарын қолға алған мердігер мекеме «ТеплоИнжСтрой» ЖШС-нің бридагирі Аман Исмагуловтың айтуынша, күні бүгін құрылыс жұмыстарының 45 пайызы аяқталса, қалған жұмыстары келесі жылдың еншісінде екен. Жалпы жаңа нысанның құрылысы толықтай 2021 жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ құрылысқа қажетті материалдардың көбі Қазақстанда жасалған. Ал мұндағы 20 жұмысшының 16-сы жергілікті жердің азаматтары.

bisenbaev

futbol-ala4

Құрылыс басына барған аудандық құрылыс бөлімінің маманы Мирас Ибраевты сөзге тартқанымызда, ол осындай спорт алаңдарының құрылысы кенттің С.Сейфуллин, М.Әуезов, «Көктем» қазақ орта мектептерінің аулаларына салу жоспарда барын, жобаның-сметалық құжаттамасы толықтай дайын екенін, тек қаржы бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізілетінін қаперге берді.

Қайткен күнде мемлекеттік бағдарламаның арқасында жүзеге асырылып жатырған спорттың нысанды жоспарды орындаймыз деп, уақыттың емес сапасын назардан тыс қалдырмау қажет.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521