Ауданда «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Индер ауданы көлемінде «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.  

Қазіргі таңда ауыл тұрғындары үшін мал ұрлығы үлкен мәселеге айналуда. Аудан аумағында өткен жылы мал ұрлығын жасаған қылмыстық топ құрықталса да, ағымдағы жылы да мал ұрлығы қылмысы азаяр емес. Биылғы жылы қазіргі уақытқа дейін 5 мал ұрлығы қылмыстары тіркеліп, оның ішінен 1-ауыр санаттағы қылмыс ашылып, қылмыстық топ құрықталды. Тіркелген мал ұрлығы қылмыстарының ішінде өрістен келмей қалғандары және өрісте еркін жайылымда жүрген кезінде даладан сойылып ұрланғандар да жоқ емес. Бұл қылмыстардың жасалуына ықпал еткен бірнеше себептер бар.

Атап айтқанда, мал бағудың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы, яғни, бақташылармен келісім-шарттардың жасалмауы, ауылдық округ әкімдерінің тарапынан бұл мәселенің бақылауға алынбауы, сонымен қатар халықтың өз қолындағы малына салғырт қарауы. Осылардың барлығы қылмыскерлердің қандайда бір кедергісіз қылмыстық ойын оңай жүзеге асыруына жағдай туғызып отыр.

Бұл ретте өрісте орын алған мал ұрлығының алдын алу мақсатында ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына өзгеріс енгізілді. Төрт түлік малдың бірі көшеде және өрісте қараусыз яғни, бақташысыз жүретін болса, осы бап негізінде мал иесін жауапқа тарту көзделген. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы жануарларының иесі малды өздері бағуды ұйымдастыруы немесе бақташымен келісімшарт жасауы қажет. Бұл жаңа заңмен міндеттелген.

20201119_151136

Қазіргі уақытта 16-21 қараша аралығында өткізіліп жатқан «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сай, 20 әкімшілік хаттама және тасымалданатын мал мен ет өнімдерін құжаттаманың болуы тұрғысынан мал тасымалдауға арналған 8 автокөлікті тексеру ұйымдастырылды. Малды немесе ет өнімдерін құжатсыз тасымалдағаны үшін заңнамалық нормаларды орындамаған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабымен әкімшілік хаттама толтырылатындығын ескертеміз.

Р. А. Рахимов

Индер ауданы ПБ-нің Криминалдық полиция

бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521