Ауданда "Абайлаңыз, балалар" акциясы өтуде

Құрметті ата-аналар!

Оқушылардың оқу жылын сәтті аяқтап, 3 ай жазғы демалысқа шығатын кезеңінде жасөспірімдердің жаздағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың демалыс уақытын тиімді пайдалануы үшін үндеу жариялағым келеді.

Жаз уақытында балалардың терезелерден құлап мерт болуы, жасөспірімдердің әсіресе қыз балалардың үйден белгісіз жаққа қашып кетуі, суға кету, бұралқы иттерге қабылуы т.б. оқыс оқиғалар орын алады.

Осы ретте, жыл басынан бері Атырау облысы көлемінде жасөспірімдермен және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Жасөспірім және жауапкершілік» іс-шаралары өткізілді.

Атқарылған іс-шараларға қарамастан жыл басынан бері ІІО-на барлығы 2815, оның ішінде қылмыс жасағаны үшін 31 жасөспірім жеткізілді. Сонымен қатар, 48 жасөспірім Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. ІІО-ның есебіне – 89, оның ішінде профилактикалық есепке 45 жасөсіпірім және балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамайтын ата-аналардың есебіне 41 ата-ана қойылды. Жасөспірімдердің жазғы демалысы қарсаңында балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақатануының алдын алу, көшелермен жолдарда қауіпсіз жүріс тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында атқарылып жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан жыл басынан бері балалардың қатысуымен 50-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 жасөспірім қаза болып, 60-тан аса жасөспірім әр-түрлі дене жарақатын алып отыр. Соңғы уақытта балалардың мопед, мотокөліктерді басқаруынан орын алатын жол-көлік оқиғалары жиілеп отыр. Атап айтқанда, 26 сәуір күні Құрманғазы-Луговая көше қиылысында жолаушы ретінде мопед көлігінде отырған 2006 ж.т. жасөспірім соқтығыс кезінде ауыр жараланып, оқиға орнында қаза болды.

Құрметті ата-аналар!

Демалыс кезіндегі балалардың жолда жүру қауіпсіздігі, демалыс уақытын тиімді пайдалануы сіздерге толықтай жүктелгендіктен балаларыңызды қараусыз қалдырмауларыңыз және көлік жүргізушілері көлік басқару кезінде жол жүру ережесін қатаң сақтауларыңыз сұралады. Балаңыздың бүгінгі қауіпсіздігі-ертеңгі алаңсыз болашағы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521