АУДАНДА 6 АУЛА КЛУБЫ, 7 ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында ауданда 6 аула клубы мен 7 үйірме өз жұмысын бастады. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл жобаға «Дендер» жастар қоғамдық бірлестігі мұрындық болды.

«Жеңіс» саябағындағы бұл ашылу салтанатында аудандық білім денешынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Әсел Сарғойшина бұл жоба бөлімнің мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатқанын, аула клубтары мен үйірмелерде түрлі деңгейдегі шаралар өтетінін жеткізді.

Айта кетейік, бұл жобаның мақсаты – балалардың бос уақытын қызықты ұйымдастыруға негізделген болатын.

Мерекелік кеште Ә.Болатов пен А.Өтемісов «Отаным», «Мен - қазақпын» әндерін әуелете шырқаса, А.Жеңісов Құрманғазының «Төремұрат» күйін құйқылжыта күмбірлетті. Бұл күні балалардың назарын аударған сыйқыршылар, түрлі аңдар кейпіндегі аниматорлар да осы ортадан табылды.

Енді 6 аула клубы №129, №80, №32, №40 көпқабатты үйлер мен Газопровод, Арбат, Барлаушы, «Көктем» м/а алаңдарында ұйымдастырылса, ал ағылшын, орыс тілі, ән айту, сахналық қойылым, домбыра тарту, спорт түрлері және логикалық есеп пен тез ойлауға баулитын жеті үйірме арнайы орындарда тәжірибелі ұстаздардың жетекшілік етуімен жұмыс жасайды.

«Дендер»-Ақпарат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521