«Биыл Индерде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 9 маманға бюджеттік несие беріліп, 22 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы төленді», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
- Бүгінде тоғыз маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие және он маманға біржолғы көтерме жәрдемақы төленді. Жыл соңына дейін тағы 12 маманға көтерме жәрдемақы беру ұйымдастырылуда, - дейді аудан әкімі Мейірім Қалауи.