Ауданда 1251 адам жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бері аудандық жұмыспен қамту орталығына 1520 азамат хабарласып, олардың 1251-і жұмыспен қамтылған.Бір қуаныштысы олардың арасынан 543 адам тұрақты жұмыс орындарын тапты.

Атап айтқанда Есбол мен Бөденеде мәдениет үйлері салынып, іске қосылған соң 46 адам тұрақты еңбекке тұрған. Сондай-ақ ауданға келген инвестор «Ақтау-Битум» ЖШС-іне 15 адам қабылданған. Ал компаниялардың сұранысы негізінде 207 адам жұмыстарға шақырылған. Бұған бюджеттік мекемелер сұранысы бойынша жіберілген 275 адамды қосуға болады. Одан басқа әлеуметтік жұмыс орындары, «Жастар тәжірибесі», ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылғандар, қосымша мамандық алғандар, жаңа бизнес-идеялармен шыққандар да күн санап көбейіп келеді.

Сөйтіп, ауданда бұл бағыттағы жоспар 90,1 пайызға орындалған.

С.БИСЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз