Аудан әкімінің шыршасы өтті

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын аудан әкімінің шыршасы биыл «Ұлы даланың Жаңа жылдық дүбірі» тақырыбында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде өтті.

Бұл шырша мерекесіне ауданның әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан және дарынды, қабілетті 110 жуық оқушы қатысты. Алдымен аудан әкімі С.Бисешұлы бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, өтіп бара жатқан жылдың жемісті болғандығын айтып, жылы лебізін білдіріп, табыстар тіледі.

Бұл күнгі мерекеге әдемі киініп келген бүлдіршіндердің шырайлы жүздерінен қуаныш сезіледі. Олар әртүрлі ойыншықтар мен шамдар ілінген шыршаны айнала жүріп мереке көркін қыздырды. Сондай-ақ түрлі ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне енген оқушылар Аяз ата мен ақшақарды ортаға алып түрлі ойын ойнады, өз өнерлерін көрсетіп, ән салып, би биледі.

Шырша кеші соңында өрендер шыршаны айнала би билеп, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.

 

Толығырақ 3 қаңтардағы газеттің санынан оқи аласыздар

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521