Атыраулық депутаттар "Динамо" спорт кешеніне мониторинг жүргізді

Атырауда "Динамо" спорт кешеніне тексерістер жүргізілді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әлеуметтік желілерде "полицейлер жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды "Динамо" спорт залына әкеліп қамап, ұрып -соғуда" деген ақпараттар тарады. Осы ақпараттар негізінде облыстық мәслихат депутаттары мен прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлері спорт залына мониторинг жүргізді.

"Динамо" спорт кешенінде тәртіпсіздік жағдайы орын алды деген ақпараттардың көптеп таралуына байланысты біздер тексеріске шықтық. Мониторинг кезінде бұл жерде ешқандай құқық бұзушылық жағдайдың орын алмағанын және ешкімді әкеліп күштеп қамамағанын көрдік.

Халықты жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз, деді облыстық мәслихат депутаты Амангелді Абдолов.

Сайлау

ybory-2023-price

Форум

b

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика