Атыраудағы орталық көпір қайтадан ашылады

Атырауда тіреуі жылжып кетуіне байланысты 10 қаңтардан бері жабық тұрған Орталық көпір қайта ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«23 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 00:00-де Орталық көпірдегі көлік қозғалысы қайта жанданады. Қаланың коммуналдық саласына жауапты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен полиция департаменті жол қозғалысының қауіпсіздігін бақылауда ұстайды», - деп мәлім етті Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Жанглишев.

Орталық көпірді тексеріп шыққан мамандардың қорытындысына сенсек, көпір ашылғанға дейін 3.4, 3.11, 3.24 белгілерін орнату керек, сондай-ақ, көпірде кептеліс туындауына жол бермей, жүк көлігінің жүруіне тыйым салу қажет. Одан бөлек, мамандар көпірдегі жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырмау қажеттігін айтқан. Жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік бұрынғыдай өз бағдары бойынша жүре береді.

Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Атыраудағы Орталық көпірде көлік қозғалысына тыйым салынып, жабылған болатын. Тексеру барысында орталық көпір арқылы өтетін диаметрі 426 мм жылу желілері тірегінің қозғалғаны анықталды. Атыраудың орталық көпірі 1965 жылы салынған. Күрделі жөндеуден соңғы рет 20 жыл бұрын өткен. 2016 жылы жүргізілген техникалық тексеру көпірдің тіреуіштері ескіріп, жөндеуге мұқтаж екенін анықтаған болатын. Бүгінде жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілген.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз