Атырауда өрт сөндірушілер егде жастағы әйелді аман алып қалды

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде "ӨСжАҚЖҚ" ММ өрт сөндірушілері тағы бір өмірді құтқарды.

Атырау қаласы 8 март көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде сплит-жүйенің жануы салдарынан өрт шықты. Одан өрт үй иесінің жиһазына және жеке заттарына таралды. Диспетчерлік пультіне шақыру сағат 20:04-те түсті. Шақыруға келген 8 қызметкер мен 2 техника пәтердің кіреберіс есігі құлыпталғанын анықтап, пәтердің балконынан кіруге шешім қабылданды.

\1943 жылы туған пәтер иесі есінен танып қалғаны анықталып, өрт сөндірушілердің дер кезінде әрекет етуінен құтқарылып 103 қызметкерлеріне тапсырылды. Құтқарылғаннан кейін егде жастағы әйел улы газбен уланып ауруханаға жатқызылды.

Подъезден 63 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала.

Сағат 20:28-де өрт толығымен жойылды. Қаза тапқандар жоқ.

Өрт себебі анықталуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз