Атырауда «NCOC» компаниясы ерекше жандарға екі инватакси тарту етті

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының теңгеріміне өткен автокөліктер Қызылқоға және Исатай аудандарына берілді – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Инватакси» қызметі 2010 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. Содан бері, облыс бойынша мұндай таксилер саны 25-ке жеткен болса, бүгін көлік саны тағы артты.

- Ендігі мақсат, шалғай ауылдарға да инватакси қызметін жеткізу. «NCOC» компаниясы тарту еткен көліктер Қызылқоға және Исатай ауданындағы шалғай ауылдардың ерекше жандарын тасымалдайды. Алдағы уақытта, мұндай көліктердің санын арттырып өзге аудандардың да алыс ауылдарын қамтимыз – дейді Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов .

«Газель» маркалы көліктер ерекше қажеттілігі бар жандарды тасымалдауға арналған. Автокөлік ішінде арбаларға арналған арнайы көтергіш орнатылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз