Атырауда иттен қашып, тізесін жарақаттаған тоғыз жасар қыз емделіп шықты

Атырау облыстық балалар ауруханасындағы «Қамқорлық» оңалту орталығында 9 жасар қыздың тұсауы кесілді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 31 қаңтарда Жылыой ауданында тұратын Альмира есімді 9 жасар қыз мектептен келе жатып бұралқы иттен қашқан. Сол кезде жол жиегіне құлап, сол жақ тізесін бордюрге соғып алған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі: «Алдымен, Жылыой аудандық орталық ауруханасына қаралған. Кейін оған 2 ақпанда облыстық балалар ауруханасында жамбас сүйегіне екі ота жасалды. Ал, 8 шілде күні жамбас сүйегінен имплантталған фиксаторларды алып тастау отасы сәтті өтті. Бұдан соң амбулаторлық бақылауға алынып, реабилитациялық орталықта емделді. Сол күні облыстық балалар ауруханасының базасында орналасқан «Қамқорлық» оңалту орталығына жатқызылды».
Аталған орталықта оңалтудан сәтті өткен Альмира қайтадан қалыпты жүруге мүмкіндік алған. Осыған орай, облыстық балалар ауруханасының жас маманы, травматолог Жақсылық Мағзомов 9 жасар қыздың тұсауын кесті. Альмира отбасына оралды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521