Атырауда еңбек дауы бойынша 949 арыз келіп түскен

"Бұл Атыраудың еңбек инспекциясына ағымдағы жылдың 8 айында келіп түскен арыздар саны" деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Арыздардың басым бағыты еңбекақы берешегі, жұмыстан заңсыз шығару немесе қысқарту, еңбек демалысын уақытында ала алмау мәселелеріне қатысты.

"Еңбекақы берешегі бойынша еңбек инспекторларының тексеруімен 1 146 жұмысшының 363 млн. теңге еңбекақысы өндірілді, оның ішінде мониторинг жұмыстарын жүргізу арқылы 538 жұмысшының 116 млн. теңге еңбекақысы және азаматтардың өтініштері негізінде тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 608 жұмысшының 248 млн. теңге жалақысы төленді" деп атап өтті

Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз