Атырауда демалыс күндері рейдтік шаралар қатаңдатылды

Бүгінгі күні мониторингтік топтар қоғамдық тамақтану орындарында, сауда объектілерінде, сондай-ақ қаланың қоғамдық көліктерінде санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуын анықтау бойынша күндізгі және түнгі рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі уақытта Атырау қаласы әкімдігі жанынан құрылған 12 мобильді топ рейдтік шараларын жүргізуде. Халыққа қызмет көрсету орындарында карантиндік талаптардың ең көп бұзылуы санитариялық талаптарды сақтамау, бұқаралық іс-шараларды өткізу (банкеттер, корпоративтер, үйлену тойлары, еске алу және т.б.), маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты бұзу жағынан анықталды, сондай-ақ облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен белгіленген жұмыс уақытының шектеулерін сақтамау фактілері анықталды. 18 маусымдағы рейдтік іс-шаралар барысында “Сапфир”, “Дулат”, “Гранд”, “Амир”, “Ханшайым” мейрамханаларында жасырын той өткізілгені белгілі болды.

Алайда мейрамхана иелері есігін ашпаған. Мобильді топ мүшесі Сәбит Сүлейменовтің айтуынша, рейдтік шара жұма, сенбі, жексенбі күндері қатаң түрде жүргізілуде.

Бейсенбі күні 6 карантиндік талаптарды бұзу фактілері анықталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз