Жуырда ғана Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алла разылығы үшін құрбандық шалып, ел амандығы жолында дұға жасаған еді.
Осы бастаманы Атырау облысының мешіттері қолдап, қысқа мерзім ішінде 50 сиыр, 24 қой, 1 жылқы құрбандыққа шалынып, 1400 мұқтаж отбасына құрбан малының еті таратылды.
“Қазіргідей қиын ахуалда атымтай жомарт ағаларымыз әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларды қамқорлап жатыр. Мәселен, Махмуд Мералиев есімді атымтай жомарт ағамыз 32 сиырды Алла разылығы жолында құрбан етті. Осындай жақсы істер бізді біріктіре түседі. Алла Тағала ниетімізді қабыл етіп, ауырып жатқандарға шипасын бергей. Өмірден өтіп кеткен бауырларымыздың жаны жәннатта болғай. Жақсылықта жарысайық” дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Айта кетелік, Бас мүфти бастамасына Атырау облысының орталық “Иманғали” мешітімен бірге, қала, қала маңындағы шағын елдімекендердегі мешіттер, аймаққа қарасты жеті аудан мешіттері тұтастай атсалысты.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.