banner_damu

Атырау облысының әкімдігі мен Каспий Құбыр Консорциумы меморандумға қол қойды

Бүгін Атырау облысының әкімдігі Каспий Құбыр Консорциумымен қайырымдылық көмек бағдарламасы аясында әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысты ынтымақтастық келісімін жасады.

Құжатқа Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен КҚК бас директоры Николай Горбань қол қойды. Тараптар Атырау облысының отын-энергетика кешені объектілерін әрі қарай дамыту және олардың қызмет тиімділігін арттыру; Теңіз-Новороссиск магистральдық мұнай құбырының өткізу қабілетін арттыру;

Атырау облысының қаржы-экономикалық жағдайын нығайту, өндіріс әлеуетін өсіру және инвестициялық ахуалын жақсарту үшін ұзақ мерзімді және тұрақты негізде ынтымақтасуға келісті.

«КҚК» компаниясының Атырау облысындағы беделі орасан. Бұл қазақстандық мұнайдың ірі тасымалдаушысы ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік бағдарланған компания. Мен өз тарапымнан сіздерге өңірлік медицина мен денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлестеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Бүгінгі қол қойылған келісім билік пен бизнес арасындағы ынтымақтастықтың жарқын көрінісі», - деді өз сөзінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов. Консорциум мұнай құбыры жүйесі өтетін аудандарда ауқымды әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысып, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсете береді. Қол қойылған құжатқа сәйкес білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мәдениеті мен спорт, мәдениет, экологияға қолдау көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсету шаралары іске асырылады.

Бұдан бұрынғы бесжылдық келісімге 2016 жылғы желтоқсанда қол қойылғанын еске сала кетейік. Сол кезде қол жеткен уағдаластық аясында әрбіреуі 290 орындық үш балабақша - Атырау қаласы Самал ықшам ауданында, Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылында және Исатай ауданы Аққыстау ауылында, сондай-ақ Құрманғазы ауданы Жасталап ауылында Уәлиханов атындағы 80 орындық орта мектеп салынды. Жаңа келісімге сәйкес 2021-2023 жылдары КҚК Атыраудағы Талғайран тұрғын алабында 900 орындық орта мектептің құрылысын қаржыландыру міндеттемесін мойнына алды. КҚК Атырау облысында қызмет ету аралығында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері мекемелерінің құрылысын салу және жабдықтауға, халықтың мұқтаж топтарына қолдау көрсету үшін қомақты қаржы бөліп келеді.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика