Атырау облысындағы энергия мекемелері бойынша 2020 жылғы 16 маусымға ақпарат

16.06.2020 жылғы 07:00 уақыттағы жедел ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы энергия мекемелерінде болған технологиялық бұзушылықтар, т.б. жағдай бойынша Атырау аймағындағы жылуэлектр орталықтарында:

1. «АЖЭО» АҚ электрстанциясында 10 қазандық агрегаты, 9 турбина агрегаты жұмыс істейді (қордағысы - 3 қазандық агрегаты, 2 турбина агрегаты; 1 қазандық агрегаты жоспарлы жөндеуде тұр). Қолда бар электрэнергиясының қуаты 342 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 273 МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 2992300 м3. «АЖЭО» АҚ-ның қоймасында жанармайдың қажетті қоры сақталған (5 күнге 5984,7 тонна).

2. Ал, «АМӨЗ» ЖШС–і ЖЭО–да 6 қазандық агрегаты жұмыс істейді, турбина агрегаты 4-еу (№6 қазандық агрегаты - қорда тұр). Қол жетімді электр энергиясының қуаты 30 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 23 МВт. Қоймада жанармайдың қажетті қоры сақталған (10 күнге 1270 тонна).

3. «Қашаған» электрстанциясында 6 турбина агрегаты жұмыс істейді. (2 турбина агрегаты резервте). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 311,56 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 125 МВт. Тәулікте жұмсалған газ шығыны 879873 м3.

4. «ТШО» электрстанциясында 8 турбина агрегаты жұмыс істейді. (№6,4 турбина агрегаты - резервте). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 472 МВт. Сұраныс бойынша генерация 197 МВт құрайды. Көрсетілген кезеңде Атырау облысындағы энергия мекемелерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.

Ж.М.АЙТКАЗИЕВ

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің

Атырау облысы бойынша аумақтық Департаментінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521