14.08.2020 жылғы 07:00 уақыттағы жедел ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы энергия мекемелерінде болған технологиялық бұзушылықтар,т.б. жағдай бойыншаАтырау аймағындағы жылуэлектр орталықтарында:
1. «АЖЭО» АҚ электрстанциясында 8қазандық агрегаты,7 турбина агрегаты жұмыс істейді (қорда - 5қазандық, 3 турбина агрегаттары бар;1 қазандық және1турбина агрегаттарыжоспарлы жөндеуде). Қолда бар электрэнергиясының қуаты 342 МВт құрайды.Сұраныс бойынша генерациясы206 МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 2112700 м3. «АЖЭО» АҚ-ның қоймасында жанармайдың қажетті қоры сақталған (5 күнге 5984,7 тонна).
2. Ал, «АМӨЗ» ЖШС–і ЖЭО–да 6 қазандық агрегаты, 3турбина агрегаты жұмыс істейді(1қазандық, 1 турбина агрегаттарықорда тұр). Қол жетімді электр энергиясының қуаты 30 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы18,96МВт. Қоймада жанармайдың қажетті қоры сақталған (10күнге 1270тонна).
3. «Қашаған» электрстанциясында 5 турбина агрегаты жұмыс істейді. (2 турбина агрегаты резервте, 1 турбина агрегаты жоспарлы жөндеуде тұр). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 311,56МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы132МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 861858 м3.
4. «ТШО» электрстанциясында 8 турбина агрегаты жұмыс істейді. №6,5 турбина агрегаты жөндеуде тұр. Қолжетімді электр энергиясының қуаты 472МВт. Сұраныс бойынша генерациясы 203МВт құрайды.
Көрсетілген кезеңде Атырау облысындағы энергия мекемелерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.
Ж.М.АЙТКАЗИЕВ,
ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтықДепартаментінің басшысы