Атырау облысындағы энергия мекемелері бойынша 2020 жылғы 12 мамырға ақпарат

Жедел ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы энергия мекемелерінде болған технологиялық бұзушылықтар, 12.05.2020 жылғы 07:00 уақыттағы жағдай бойынша

Атырау аймағындағы жылуэлектр орталықтарында жұмыс істейтін:

1. «АЖЭО» АҚ электрстанциясында 7 қазандық агрегаты, 7 турбина агрегаты жұмыс істейді (қордағысы - 6 қазандық агрегаты, 3 турбина агрегаты; 1 қазандық агрегаты мен 1 турбина агрегаты жоспарлы жөндеуде тұр). Қолда бар электрэнергия қуаты 342 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 208 МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 2102570 м3 . «АЖЭО» АҚ-ның қоймасында жанармайдың қажетті қоры сақталған (5 күнге 5984,7 тонна).

2. Ал, «АМӨЗ» ЖШС–і ЖЭО–да 6 қазандық агрегаты жұмыс істейді, турбина агрегаты 3-еу (қазандық агрегаты №4 пен турбина агрегаты №2 - қорда тұр). Қол жетімді электр энергиясының қуаты 30 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 23 МВт. Қоймада жанармайдың қажетті қоры сақталған (10 күнге 1270 тонна).

3. «Қашаған» электрстанциясында 5 турбина агрегаты жұмыс істейді. (2 турбина агрегаты резервте, 1 турбоагрегат жөндеуде). Қолжетімді электр энергия қуаты 311,56 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 136 МВт.

4. «ТШО» электрстанциясында 8 турбина агрегаты жұмыс істейді. (бір турбина агрегаты №6,6 -резервте). Қолжетімді электр энергия қуаты 472 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 200 МВт құрайды. Көрсетілген кезеңде Атырау облысындағы энергия мекемелерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.

Ж.М.Айтказиев

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің

Атырау облысы бойынша аумақтық Департаментінің басшысы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521