Атырау облысында карантин режимі ұзартылды (ҚАУЛЫ)

Тұрғын үй қызметтерін (қонақ үйлер, отель) ұсыну саласындағы объектілердің қызметіне рұқсат етілді.

Атырау облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуын болдырмау үшін қосымша шектеу шараларын енгізу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексінің 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасының, 104-бабының 2,3,4,7-тармақтарын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 сәуірдегі №ҚР ДСМ-78/2020 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» бұйрығымен өмірді, адамның денсаулығын сақтау және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Атырау облысының тұрғындары арасында КВИ-ді өнеркәсіптік кәсіпорындардың, өндірістік объектілердің, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс жасайтындардың қызметкерлері арасында тіркелуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысы аумағында 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00:00-ден 17 тамыз сағат 00:00-ге дейін уақытша шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Атырау облысы аумағында:

1) қалалармен ауылдық елдімекендер арасында автобус тасымалы тоқтатылсын;

2) Алматы қаласы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша жолаушылар темір жол тасымалдары тоқтатылсын;

3) тұрғындар мен автокөліктер қозғалысына сағат 23.00 ден 6.00 аралығында әкімдік, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қызметкерлерін, сондай-ақ жұмыс орнынан анықтама (немесе қызметтік куәлік) болған жағдайда облыстың, қаланың, аудандардың және үздіксіз циклдегі кәсіпорындардың тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыскерлерін қоспағанда жүруге тыйым салынсын;

4) бетперде тәртібін сақтай отырып, тасымалдау салонында екі жолаушыдан немесе бір отбасы мүшелерінен аспайтын такси қызметінен басқа қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынсын;

5) мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік нысан субъектілерінің басшылары қызметкерлерінің жұмыс орнына және тұрғылықты мекен - жайына жеткізілуін транспортпен қамтамасыз етсін;

6) сенбі, жексенбі күндері мыналарды қоспағанда: - әкімдіктердің, құқық қорғау органдарының, төтенше жағдайлар қызметтерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, облыстың, қаланың, аудандардың және үздіксіз цикл кәсіпорындарының жұмыс орнынан анықтама (немесе қызметтік куәлік) бар қызметкерлері; - азық-түлік өнімдерін, қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді тұрғылықты жеріне жақын орналасқан дүкендер мен дәріханалардан сатып алу, төтенше жағдайлар туындаған кезде медициналық ұйымдарға бару жеке автокөліктер қозғалысына толықтай тыйым салынсын; 

7)думанды, ауқымды спорттық шаралар, көрмелер, форум, конференция, сондай - ақ, отбасылық еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа) және үй жағдайында өзгеде шаралардың өткізілуіне тыйым салынсын;

8) сағат 10.00-21.00 аралығында шектеу уақытымен қызмет етіп жатқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, ойын - сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметіне тыйым салынсын;

9) ойын-сауық орталықтарының (караоке, бильярд, компьютерлік клуб, кальян, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлар қызметіне тыйым салынсын;

10) барлық мәдени нысандар қызметіне (театрлар, концерттік залдар, мұражай, көрмелер және т.б.) тыйым салынсын;

11) діни орындар қызметі (мешіт, шіркеу, ғибадатхана, синагог және т.б) тоқтатылсын;

12) балалар сауықтыру лагерлерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың, балалардың коррекциялық кабинеттерінің, білім орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелер, балаларға және ересектерге арналған курстар қызметіне тыйым салынсын;

13) фудкорт, банкет залдарының қызметіне тыйым салынсын;

14) СПА орталықтары, жаттығу залдары, фитнес орталықтары, спорттық –сауықтыру орталықтары, бассейн, қоғамдық монша, сауна, сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін, маникюр, педикюр қызметін көрсететін орталықтар мен салондар қызметіне, қалалық және қоғамдық жағажайлар, аквапарктер, демалыс орындарының қызметіне тыйым салынсын;

15) жабық ғимараттағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметіне тыйым салынсын;

16) сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін азық-түлік емес дүкендердің жұмысына тек "үйге жеткізу" қызметі бойынша рұқсат берілсін;

17) 3 адамнан артық топтасып жүруге және 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылсын;

18) жұмыс уақытын максималды түрде қысқарта отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілсін. Сонымен бірге қызметкерлердің кемінде 80% -ы (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмыс режимі сақталсын;

19) меншік нысанына қарамастан, медициналық орталықтардың қызметіне алдын-ала тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимнің талаптарын сақтай отырып рұқсат берілсін;

20) күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, тұрғын үй қызметтерін (қонақ үйлер, отель) ұсыну саласындағы объектілердің қызметіне рұқсат берілсін;

21) сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) қызметіне рұқсат берілсін;

22) қоғамдық тамақтану объектілеріне (кафелер, мейрамханалар, жазғы кафе және т.б), аспаздық және кондитерлік өнімдерді дайындау және сатумен айналысатын ұсақ - бөлшек сауда объектілеріне, зоодүкендерге тек "үйге жеткізу" қызметі бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат берілсін;

23) күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, үздіксіз өндірістік циклдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне, ашық ауада қызмет көрсететін құрылыс жұмыстарына, ауылшаруашылығы, балық және мал шаруашылығына рұқсат берілсін;

24) ұйымдар мен кәсіпорындарға қызмет көрсетуді қоспағанда, көлік жуу, автомобильдерді жөндеу, тұрмыстық қызмет түрлеріне қызмет көрсетуге тыйым салынсын;

25) бизнес орталықтардың ( адвокат, нотариус, бухгалтерлік және кеңес беру қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және басқалар ) қызметіне тыйым салынсын;

26) ХҚКО (оның ішінде мамандандырылған ХҚКО) қызметіне рұқсат берілсін, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін, Call орталықтардың жұмысы 9.00-ден 17.00-ге дейін Egov.kz сайты, EgovKZBBot 2.0 телеграмм-боты арқылы алдын-ала брондау арқылы ұйымдастырылсын; демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынсын;

27) күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, «Қазпочта» АҚ жұмысын сағат 9.00-ден 18:00-ге дейін рұқсат етілсін және онлайн режимінде максималды қызметтер ұсыну жұмысы ұйымдастырылсын;

28) саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, жағалауларға және тұрғындардың басқада демалыс орындарына баруына тыйым салынсын;

29) таксилерге, өндірістік аумақтарға, әуежайларға, тұрмыстық ойын алаңдарына, азық-түлік, азық-түліктік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитарлық және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілсін;

30) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес, қаржы нарығы субъектілерінің, екінші деңгейлі банктердің қызметіне шектеулі жұмыс уақытымен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін рұқсат берілсін;

31) сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, дәріханалардың қызметіне рұқсат берілсін.

32) бес жасқа дейінгі балаларды, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып 5 адамнан аспайтын жеке спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті болып табылады.

3. Қала, аудан әкімдері, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге, кәсіпкерлік субьектілерге:

1) жоғарыда көрсетілген талаптарды орындауды қамтамасыз етсін;

2) жұмысы уақытша тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінде, сауда орталықтарында, базарларда, қоғамдық көліктерде, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдердің сауда аумағында, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және басқа да адамдар көп жиналатын орындарда ауқымды дезинфекциялық жұмыс жүргізілсін.

3) карантин кезеңінде қызметін қайта бастау үшін дайындық іс-шараларын жүргізіп қызметтін бастау туралы электрондық рұқсат алу "InfoKazahstan" электрондық платформасы және жергілікті атқарушы органдарға өтінім беру арқылы жүргізсін.

4) объектілердің жұмысын қайта бастауға дайындығын бақылау жергілікті атқарушы органдарға жүктелсін.

4. Жұмыс істеп тұрған сауда объектілерінің меншік иелері міндеттелсін:

1) санитариялық және дезинфекциялық шараларды сақтай отырып, объектілердің рұқсат етілген режимде үздіксіз жұмыс істеуі;

2) қызметкерлерде жеке қорғану құралдары болуы (медициналық маска, қолғап және т.б.);

3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен бірінші қажеттілікке жататын тауарлардың, дәрі-дәрмектер мен жеке гигиеналық құралдардың бағасының өсуін болдырмау;

4) азық-түлік өнімдердің буып-түйілген күйінде сатылуы (нан, кондитерлік өнімдер және кептірілген жемістер)

5. Теңіз аумағына бұған дейін енгізілген карантин режимі сақталсын.

6. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасына, Атырау қаласы және аудандық әкімдерімен бірлесіп қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халықты жаппай ақпараттандыру жүргізсін.

7. Атырау облысы полиция департаменті қосымша шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында патрульдік шаралар ұйымдастырсын, жоғарыдағы талаптардың сақталмауы фактілері тіркелген жағдайда, дереу тиісті әкімшілік шараларды қабылдасын;

8. Жедел штаб шектеу шараларының орындалысына мониторинг жүргізсін;

9. Атырау облысы әкімі, қала және аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары және Атырау облысындағы арнайы органдар қамтамасыз етсін:

1) осы қаулыда бекітілген рұқсаттар мен тыйым шараларының орындалысын бақылауды;

2) қызметі рұқсат етілген нысандарда карантиндік шаралар мен санитарлық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды;

3) бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, құзіреті аясында тиісті әкімшілік шараларды қабылдауды;

10. Аталған қаулының орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

11. Қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Қ.Гайнеденов, Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521