Атырау облысында газ бағасы арзандады

1 ақпаннан бастап Атырау облысында тұтынушылар үшін табиғи газ бағасы төмендетілді. Еске салсақ, бұған дейін Табиғи монополияларды реттеу департаментінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалының өтініші бойынша қоғамдық тыңдау өткен болатын. «Атырау облысындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау және бәсекелестікті дамыту» ҚБ президенті Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА қоғам белсенділерінің белсенді қатысуының арқасында түптеп келгенде олардың көптеген ескертулері мен ұсыныстары назарға алынғанын айтады.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті 2021 жылғы желтоқсанда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ӨФ 2022-2027 жылдарға арналған газды тарату құбырлары арқылы тасымалдау қызметтеріне тарифті 1000 текше метр үшін 1 133,39 теңгеге дейін төмендетті. Ал филиал ТМРД-дан осы кезеңге мүлдем басқа төлемді - 3849,05 теңге/мың м3 бекітуді сұрады. Ал антимонополистер, керісінше, тіпті қазіргі қолданыстағы тарифті төмендетті. Өткен бесжылдықпен салыстырайық: 2016-2020 жж. 1769,42 теңге тариф қолданыста болса, өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап 18 пайызға төмендеп, қазіргі төмендеуге дейін 1449,4 теңгені құраған. ТМРКД Табиғи монополияларды реттеу комитетінің «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ӨФ-ның жабдықтау ақысын да төмендеткенін хабарлады.

Нәтижесінде Атырау облысының тұтынушылары үшін газдың түпкілікті бағасы орта есеппен 38,9%-ға төмендеді және (ҚҚС-сыз):

Тұрмыстық тұтынушылар (тұрғындар), жылу энергетикалық компаниялар тұрғындар үшін жылу энергиясын өндіруге тауарлық газды тұтынудың мың текше метрі 4 720,33 теңге (7 729,85 теңге болды);
Жылу және электр энергиясын өндіруге тауарлық газды тұтынатын энергетикалық компаниялар және өзге де заңды тұлғалар үшін мың текше метрі 11 482,47 теңге (18 803,32 теңге болды);
Бюджеттік мекемелер үшін мың текше метрі - 13 344,23 теңге (21 852,08 теңге болды);
Тұтынушыларға одан әрі сату мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын заңды тұлғаларға - 11 518,56 теңге (12 774,24 теңге болды).

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

 azh.kz 

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

25qazan-respublika

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика