25 шілде мен 7 қараша аралығында өткен ауылдық округтер әкімдері сайлауында 19 округтің әкімі сайланды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Барлық сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізімдеріне 46 679 сайлаушы енгізілді. Оның ішінде, 34 890 сайлаушы дауыс беруге қатысқан. Сондай-ақ, 55 адам кандидаттығын ұсынған. Орташа есеппен бір округке шамамен 3 адамнан үміткер болды. Сайланған 19 әкімнің 17-сі мемлекеттік қызметшілер» деді баспасөз алаңында өткен онлайн брифинг барысында Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссия төрағасы Азамат Айманакумов.