“САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН” МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА КЕЛЕДІ

«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы 25-мамыр күні Атырау облысына келеді. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы – елімізде сәтті жүзеге асып келе жатқан жоба. Әлеуметтік жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әріптестігі негізінде іске асырылады. 25-мамыр -17 маусым аралығында Атырау облысының бірнеше елді-мекенін аралап, білікті дәрігерлер тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. Дәрігерлік бригаданың құрамында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы практика дәрігері, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, онколог-маммолог, гинеколог және уролог медициналық көмек көрсетеді. Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 🖊Медициналық пойыздың тұрғындарды қабылдау кестесі: 🔹Құлсары станциясы: 25-28 мамыр 🔹Дина Нұрпейісова станциясы: 29- 30 мамыр 🔹Ганюшкино станциясы: 31 мамыр-2 маусым 🔹Афанасьево станциясы: 3 маусым 🔹Исатай станциясы: 4-5 маусым 🔹Нарын станциясы: 6 маусым 🔹Аққыстау станциясы: 7-8 маусым 🔹Туманное станциясы: 9 маусым 🔹Жамансор станциясы: 10-11 маусым 🔹Мұқыр станциясы: 12-13 маусым 🔹Сағыз станциясы : 14-16 маусым Медициналық пойыз дәрігерлері өңір тұрғындарын таңғы сағат 09.00-ден кешкі 18:00-ге дейін қабылдайды. Түскі ас уақыты 13.00-14.00. Айта кетейік, дәрігердің қабылдауына баратын түрғындар міндетті түрде өзінің және баласының (баласын қаратса) жеке басын куәландыратын құжаттарын ала баруы керек. Медициналық құжаттары болса, қосымша ала келулері қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT