АТЫРАУ АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНДА МАҚАТ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Осы аптаның сейсенбісінде өткен шарада Мақат ауданының әкімі тұрғындарды өзі қабылдап,бір қатар мәселелерге қанық болды. Қабылдауға келген Мақат ауданының тұрғындары субсидия,жер телімдерін алу,егін шаруашылығы,апатты тұрғын үйлер мәселелерін көтерді.

Атап айтар болсақ, жер мәселесімен келген Артур Алтынбекұлы және Гаухар Жумабайқызы жеке кәсіпкерлікке жер телімдерін алу жүйесі бойынша ақпарат алуға келген болса және Махамбет ауданынан жоңышқа егуге жер алып, Мақат халқын арзан бағамен қамтамасыз ету субсидия алу құғығын сұрай келді. Бұл азаматқа қабылдауға келген Мақат ауданы әкімінің орынбасары Азамат Жәмшебайұлы жоңышқа егуге 1 жыл болды субсидия берілмейтінін айтып,өзге жүйелеріне толық жауап бере алмады.

Бұл сұраққа апта соңына дейін жазбаша түрде жауап берілетіндігі ескертілді. Қабылдауға сұрағын жолдаған “ Мақат тынысы” тілшісі Доссор поселкесіндегі Ынтымақ және Бірлік мөлтек ауданындағы салынып жатқан жол құрылысының проблемасын көтерді.

Аудан әкімі аталмыш нысандағы жол құрылысына жер төсеуге қаралған 200 000 000тг-нің жұмысы толыққанды аяқталып,өзге аяқталмай тұрған жұмыс келесі жылы бюджеттен қаражат бөлінген соң ғана аяқталады деп түсіндірді. 2020 жылы апатты үйден жаңа үйге көшірілген тұрғындарды апатты жағдайда қаңырап қалған ескі үй ғимараты тұрғандығы алаңдатады. Олардың айтуынша, ауыл халқына қорқыныш сейілтеді.

Сондықтан бос қаңыраған ғимаратты бұзуды ұсынған тұрғындарға Мақат Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы келесі аптада бұл мәселе қолға алынып,апатты,бұзық ғимаратты жоятынына уәде берді. Қоғамдық қабылдауға ауданның тәуелсіз заңгерлері,юристері де қатынасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521