Аса қажетті дәрігерлермен қамтылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатындығын қадап айтқан болатын.

Аталған жүйенің мол мүмкіндіктерін аудандық аурухананың директоры Бауыржан Төлеген түсіндіріп өтті және тұрғындардың толғандырған сауалдарына жауап берді. Әсіресе, Серікқали Шыңғалиев, Байғали Өтеманов,Тамара Тәженова сынды тағы басқа тұрғындардың сұрағы осыған дейін бүкіл округте дәрігер болмай, қиындық көріп отырғандарын жасырмады.

bauyrzhan

-Соңғы жылдары ауданға тек 2 - 3 дәрігерден ғана келген екен. Олар да көп кешікпей басқа қалаларға ауысып кетумен болыпты. Ауданға жаңа қызметке келгенімнен бастап осы мәселені басты назарға алдым. Нәтижесінде келгеніме үш айдың ішінде ауданға қажетті 9 дәрігер алдыртып отырмын. Олардың бәрі де облыс, аудан әкімдерінің қолдауымен үймен қамтылды және материалдық көмек ұйымдастырылды. Бұған дейін Исатай ауданында 2 жыл жарым уақыт бас дәрігер болған кезімде ауданда тапшылық еткен 19 дәрігермен қамтуға ықпал етіп едім. Енді алдағы уақытта осы ауданды аса қажетті дәрігерлермен қамтылуына жұмыстанамын, - деді бас дәрігер Бауыржан Дүйсебайұлы.

Сонымен қатар бас дәрігер тұрғындардың саулығын қадағалап, ем беруге дәрігерлерді ауыл-аймақтарға жіберу ұйымдастырылып отыратындығын жеткізуі көпшіліктің ризашылығын туғызды.

Саламат Б

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз