Индер ауданы тұрғындары мен қонақтарының назарына!
Жыл сайын елімізде 19 қаңтар – православие христиандарының «Крещение господне» діни мерекесі аталып өтіледі.
Бұл күні су айдындарында мұзда арнайы дайындалған ойықтарда адамдар жиналып, суға түседі.
Арнайы мамандардың тексеруімен, Индербор кенті Жайық өзені бойында бұрынғы судан құтқару бекетінің бойы, Арна көшесінің тұсында адамдар суға түсетін арнайы орын белгіленіп, дайындалғандығын хабарлаймыз.
Осыған орай азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сақтық шаралары мен арнайы қауіпсіздік ережелері назарға ұсынылады:
- құтқару қызметтерінің өкілдерінсіз және медицина қызметкерлерінсіз шомылуға;
- суға тікелей мұздан сүңгуге;
- су түсу аумағын ластауға және қоқыстар тастауға;
- алкогольді ішімдіктер ішуге, мас күйінде шомылуға;
- адамдар өзімен бірге иттер мен басқа да үй жануарларын әкелуге;
- жалған дабыл беруге;
- суға шомылатын өзен ойығына автокөлікпен жақындауға;
- 1 адамнан артық топпен шомылуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Балаларды мұз ойығында суға түсіру ұсынылмайды;
- мұздағы ойықтың жанында бір уақытта 10 адамнан артық болмауы тиіс. Сондай-ақ, келесі ережелерді сақтауларыңызға кеңес беріледі:
- суға шомылудың алдында қимылдап, жүгіріп денені қыздырып алу керек;
- ойыққа ыңғайлы, таймайтын және жеңіл көтерілетін аяқ киіммен келу қажет;
- Мұз ойығына беттегенде, жол тайғақ болуы мүмкін екенін естен шығармай, баяу жүріңіз;
- ми тамырларының рефлекторлық тарылуына жол бермеу үшін бас бөлігін суламай, мойын тұсына дейін суға түскен жөн. Ешқашан ойыққа басыңызбен секірмеңіз. Суға секіру және суға батыру ұсынылмайды, өйткені бұл дене температурасының күрт төмендеуіне соқтырып және ағзаға елеулі зиян әкелуі мүмкін;
- ағзаның жалпы салқындауына жол бермеу үшін ойықта 1 минуттан артық болмауға кеңес беріледі.
Шомылу кезінде тұрғындар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы керек! Мас күйінде шомылуға тыйым салынады!
Сондай-ақ, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында азаматтардың жаппай шомылу орнына Индер аудандық ТЖ бөлімінің, Индер АПБ-ның және Индер аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері тартылатын болады.
Кент тұрғындарынан құтқарушылардың бақылауымен арнайы ойықтарда ғана шомылуды сұраймыз!
Вниманию жителей и гостей Индерского района!
Ежегодно 19 января в стране отмечается– религиозный праздник православных христиан «Крещение господне".
В этот день на водоемах в специально подготовленных местах на льду собираются люди и погружаются в воду.
Сообщаем, что в ходе проверки специалистами-водолазами установлено и подготовлено специальное место для купания людей, вдоль реки Жайык около бывшего водоспасательного поста, по улице Арна в поселке Индербор
В целях обеспечения безопасности граждан будут приняты меры предосторожности и специальные правила безопасности.
Согласно этих мер ЗАПРЕЩАЕТСЯ:
- купаться без представителей спасательных служб и медицинских работников;
- нырять в воду прямо со льда;
- прыгать и погружаться под воду;
- загрязнять территорию водозабора и сбрасывать мусор;
- пить алкогольные напитки, купаться в состоянии алкогольного опьянения;
- люди не должны приносить с собой собак и других домашних животных;
- давать ложную тревогу;
- не заезжать на лед реки ;
- купание группой более 1 человека.
-не рекомендуется погружать детей в ледяную воду;
- более 10 человек одновременно не должны находиться возле проруби на льду. Рекомендуется соблюдать следующие правила:
- перед купанием нужно сделать движение, пробежаться и разогреть тело;
- в проем необходимо приходить в удобной, нескользящей и легко поднимающейся обуви;
- двигаясь к ледяной проруби, двигайтесь медленно, не забывая, что дорога может быть скользкой;
- чтобы избежать рефлекторного сужения сосудов головного мозга, желательно не мочить головную часть, а опускать в воду до шеи;
-не рекомендуются, так как это может привести к резкому падению температуры тела и нанести серьезный вред организму;
- не рекомендуется находиться в проруби более 1 минуты, чтобы предотвратить общее охлаждение организма;
Во время купания жители должны строго соблюдать правила безопасности! Также в целях предупреждения несчастных случаев к месту массового купания граждан будут привлекаться сотрудники Индерского районного отдела по ЧС, Индерского РОП и Индерской центральной районной больницы.
Просим жителей поселка купаться только в специальных проемах под наблюдением спасателей!