Ардагерлер арасында үстел теннисінен аудандық ашық турнир өтті

“Аулыңның маңында төбе болса,ерттеулі тұрған атпен тең, Ауылыңда ақылгөй қария болса, жазып қойған хатпен тең” деген екен бабаларымыз. Асыл қарттарымыз біздің - ұлы бәйтерегіміз.

  Мемелекет салауатты өмір салтын ұстауға жол көрсетіп қана қоймай соған барлық жағдай жасалуда. Осы орайда Қазақстан Республикасы күні қарсаңында мерекеге орай, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен, аудандық ардагерлер ұйымының қолдауымен ардагерлер арасында үстел теннисінен аудандық ашық турнир өтті.

  “Жарсықа жалпы саны 18 адам жазылды қазір 14 адам келіп бақ сынасуда. Қазір 4 топта 3  спортшыдан сайысып жатыр. Әр ауылдан Есбол, Елтай, Жарсуат, Құрылыс, Индербордан келіп қатысуда
  Арамыздағы ең үлкені Талап Омар деген ағамыз. Өткен жылы ардагерлер арасындаеы дойбыдан өткен турнир жеңімпазы. Бұл кісі кезін Павлодардың “Трактор”клубының дублінде доп тепкен.Жастайынан спортқа жаны құмар жан.

 Жалпы шараға қатысушы ардагер спортшыларымызға сәттілік тәлейміз.

  Бұл жарыс Республика күнінің қарсаңында ардагерлер арасында өтіп жатқан шара.Ардагерлерімізде осы мерекеге өздігінше бір септігін тигізіп, мерекенің сәтті көңілді өтуіне тілекші. Мереке құтты болсын!”-деді Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы С.Халықов.

  Жоғарыда ардагерлер ұйымының төрағасы С.Халықов атап өткен Талап Омар ағамызбен тілдескен едік:

  “-Бұл жарыс жақсы бірін-бірін көріп, ойнап-күліп, мұндай іс-шаралар жиі-жиі ұйымдастырылып тұрса жақсы болар еді. Бұл жігіттердің бәрі кезінде спортпен айналысқан қарттар қазіргі.

  Айтарымыз барлығыда жақсылыққа, тыныштықта болсын,еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.”-деп ізгі тілегін білдірді.

  Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 3- орынмен Қажығали Орынбасар, 2-орынмен Нариман Нығметдинов және турнир жеңімпазы болып Жанғалиев Жолдас атанды.

  Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларға мықты денсаулық, ұзақ өмір қажымас қайрат тілейміз.

  Мереке құтты болсын!

  

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521