Қаракөл қойлар көбейіп жатыр

Қой төлдету науқанына орай өткен аптада «Жарсуат» өндірістік кооперативіне қарасты «Мықтыбай», «Орлыой» қыстақтарында болып, ондағы шопандардың тыныс-тіршілігімен танысып, өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жатқан, яғни қой төлдету науқанына қатысып жүрген аудандық көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің студенттерінің хал-жағдайларын біліп қайттық.

Кетебайда қазақ радиосы сайрап тұр

Күнделікті қым-қуыт тіршіліктен бір мезет босап, қыр жаққа шыққанымызда-ақ жусан иісі бұрқырап, ен далаға еріксіз ене бердік. Күз мезгіліндегі мизам шуағымен көтеріле қар астында қалған көк шөп қақаған қаңтарында маған дым істей алмады дегендей еңсе көтеріп, далаға жасыл кілем болып төселіпті. Бәйшешек гүлдер оны одан әрі әрлесе, жұптасқан торғайлар ұшып-қонып, далаға қолдан сурет салып жүргендей.

Біз жүріп келе жатқан Индер-Миялы тас жолының аты ғана болмаса, әбден тозып біткен. Дегенмен Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің «УАЗ» автокөлігінің жүргізушісі Біржан Фазылов барынша соқтырмай айдауға тырысып, тау ішінен әрі аса бердік. Сонымен біз келген Кетебай елді мекенінде он шақты үйдің мұржасынан түтін будақтап, алыстан-ақ мен мұндалап тұр. Тоғы бар. Енді ауыз су жүйесі тартылып жатқан ауыл тұрғындарының жағдайы жақсы. Әркім өз ісімен болып жатса, көшеде бір әуеннің үні естілгендей. Бақсақ, ол «Ақтөбе» ШҚ басшысы Қуаныш Естайдың сарайының қабырғасында ілініп тұрған кәдімгі Қазақ радиосы екен.

 

Толығырақ «Дендер» газетінің 11 сәуірдегі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521