Қарақат Әбден, президенттіке үміткер: «Жеңіске ұмтыламын және өзіме сенімдімін»

Президент сайлауына кандидат Қарақат Әбден БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін өмірімде маңызды қадам жасадым. Президенттікке кандидат ретінде тіркеліп, куәлік алдым. Осы орайда маған қолдау танытқан жандарға алғыс айтамын. Сондай-ақ, менің штабым және кәсіби әлеуметтік жұмысшылар бірлестігіне ризашылығым шексіз. Бүгінде сайлауалды бағдарламам дайын. Таяуда көпшілікке таныстырамын», - деді Қарақат Әбден ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, кандидат үгіт-насихат жұмысына дайындық барысына тоқталды.

«Иә, үгіт-насихатқа дайындалуға уақыт аз. Дегенмен заң бар. Саясаткер кез келген жағдайға дайын болуы тиіс. Еліміздің барлық өңірінде штаб жұмыс істейді. Барынша тырысамыз. Сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырамыз, оған сенімдімін. Мен бұл мүмкіндікті көп күттім. Себебі мен алға қойып отырған мәселелер жоғары деңгейде қаралуы керек. Менің әйел кандидат ретінде тіркеліп, трибунада сөйлеп тұрғанымның өзі біраз дүниеден хабар береді. Елімізде гендерлік тепе-теңдік бар. Әрине, жеңіске ұмтыламын және өзіме сенімдімін», - дейді ол. Бұған дейін хабарлағанымыздай бүгін орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбденді президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз