Әр ауылға – бір мешіт

Жуырда Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Өрлік ауылдық округінде мұқтаж отбасыға баспана сыйлау рәсіміне қатысқанда жергілікті ақсақалдар ауылға мешіт салу мәселесін көтерген болатын.

Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселеге орай облыстың бас имамы өтініш жан-жақты зерделеніп, нақты жауабы берілетінін атап өткен еді. Аудандық «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Ералы Қамзағалиев осыған байланысты жағымды жаңалығын жеткізді.

-Алдағы жылдары еліміз бойынша 205 мешіт, соның ішінде Атырау өңірінде 25 мешіт салынады деп күтілуде. Ал аудан бойынша Өрлік, Елтай, Бөдене ауылдарында жаңадан Алланың үйін салуға рұқсат беріліп отыр. Ол үшін қажетті құжаттары рәсімделуде, - дейді бас имам.

Одан білгеніміздей, Өрлік ауылындағы мешіттің салынуына Қайрат Тантаев есімді азамат ұйытқы болып, жерлестерін жұмылдыруда. Елтай ауылындағы мешітті белгілі журналист Мақажан Қабиевтың ұрпақтары әкелі-балалы Қайрат пен Мерей, Бөденедегі осы реттегі жұмыстарды Берік Сұңғатов есімді азамат ұйымдастырып жүрген көрінеді. Жастардың имандылыққа ұйып, дінімізді құрметтеуге бағыттайтын мешіттерді салуға жергілікті кәсіпкерлермен қатар ауылдан түлеп ұшқан атымтай жомарт азаматтар да үлес қосады деген сенім бар.

Сұңқар ЕРСАЙЫНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз